ОҢТҮСТІК КОРЕЯДА 19 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰСТАЛДЫ

Оңтүстік Кореяда жаппай төбелеске қатысқан 19 қазақстандық ұсталды. Ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады. Оқиға 18-ші сәуірде Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында болған. Онда заңсыз жүрген біздің елдің азаматтары төбелескен. Жергілікті полиция жерлестерімізді дереу ұстаған. Қазіргі таңда Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігінің консулдық бөлімі болған оқиғаның егжей-тегжейін анықтап жатыр. Дипломаттар бұл мәселені бақылауда ұстап отырғанын және жергілікті полиция мен көші-қон қызметімен байланыста екенін хабарлады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу