Оралда азық-түлік бағасының қымбаттауына қарсы митинг өтті

Оралда әкімдіктің рұқсатымен бейбіт митинг өтті. Санкцияланған шеруге қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа, азық-түлік бағасының және коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуіне қарсы шықты. Алаңға жалпы саны 40 адам жиналды. Олар бірінші кезекте азық-түлік бағасын ұстап тұру, қала аумағын абаттандыру мәселелерін көтерді. Алаңға жиналғандар "Орал-Атырау трассасы тегін әрі қауіпсіз болуы тиіс!","Шындықты айтқандар емес, нағыз қылмыскерлер қамалсын!"-деген плакаттармен шықты. Сонымен қатар митингке қанша айдан бері мәселесі шешілмей жүрген, №2-ші мектептің оқушыларының ата-аналары да қатысты. Олардың айтуынша, "Венера" және "Речник" саяжай кооперативтерінде тұратын балаларға мектепке жету қиын. Ал екінші ауысымдағы сабақтар болса, кешкі сегізде бірақ аяқталтын көрінеді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу