ОРАЛМАН СӨЗІНІҢ ОРНЫНА «ҚАНДАС» АТАУЫ ҚОЛДАНЫЛАДЫ Бейнеқор

Алдағы уақытта оралман сөзінің орнына «қандас» атауы қолданылатын болады. Мәжіліс депутаттары осыған қатысты заң жобасын мақұлдады. Соған сәйкес қандастарға елде тұрақты тұруға рұқсат алу және Қазақстан азаматтығы үшін құжаттарын бір мезгілде тапсыру мүмкіндігі берілмек. Сондай-ақ, оралман мәртебесін ұзарту үш айдан алты айға дейін ұлғайтылады. Бұдан бөлек, Еңбек мигранттарын маусымдық жұмысшыларға теңестіру арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысқа тартуына рұқсат етіледі. Айта кетейік, осыған қатысты Заң жобасы сенатқа жолданды. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу