ОТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУҒА ЖӘНЕ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚҰРУҒА ЕҢ КЕМІ 300 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

Коронавирусқа байланысты кәсіпкерлерді қолдауға кемі 300 млрд теңге бөлінеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеуінде осылай деді. Сондай-ақ, Президент бір айға созылатын Төтенше жағдайға бұқараны түсіністікпен қарап, сабырлық танытуға шақырды. Ең бастысы, елде азық-түлік қоры жеткілікті, әрі COVID-19-дың дендеуіне қарсы әрекеттер күшейтілген. Сондықтан жұрт дүрбелеңге ілігіп, фейк ақпараттарды  таратпауы тиіс. Оның жазасы қатаң болады. Сонымен, бүгін таңғы 8:00-ден бастап елде жарияланған Төтенше жағдай жайында тілшіміз Құралай Пионердің материалында.  

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу