П.ГРИФФИТС: BOEING 737 MAX ҰШАҚТАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ КӨЗ ЖЕТКІЗБЕЙ ЕШҚАНДАЙ ҚҰЖАТҚА ҚОЛ ҚОЙМАЙМЫН

Қазақстан авиациялық әкімшілігінің басшысы Боинг 737 Макс ұшақтарының қауіпсіздігіне көз жеткізбей ешқандай құжатқа қол қоймайтынын мәлімдеді. Питер Гриффитс «қара тізімге» іліген ұшақтың тағдыры екі-үш айдан кейін, тексеріс қорытындысы бойынша белгілі болатынын айтты. Әуе кемесін қайта сертификату үшін тіпті елімізге ұлыбританиялық маман тартылған. Айта кету керек, әлем бойынша пайдалануға тыйым салынған ұшақтың еліміздегі жалғыз данасы Скат компаниясында тіркелген. Дәл осы Скат тыйым салынған ұшақтың тағы бесеуіне тапсырыс берген көрінеді. Ал, Эйр Астана Боинг 737 макс ұшағының 30 данасын сатып алу туралы ниетхатқа қол қойған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу