ПАНДЕМИЯ САЛДАРЫНАН ФУТБОЛ ЖҰЛДЫЗДАРЫНЫҢ ТРАНСФЕРТТІК ҚҰНЫ АРЗАНДАДЫ

Коронавирус пандемиясы футбол жұлдыздарының трансферттік бағасын арзандатты. Барлық аяқ доп шеберлерінің құны бірден 9 млрд 220 млн евроға төмендеген. Бүгінде Испания чемпионатындағы, яғни ла лигадағы ең қымбат футболшы Лионель Мессидің трансферттік бағасы 140 млннан 112 млн еуроға дейін түсіп кеткен. Ал, бундеслигадағы Боруссияның ойыншысы Джейдон Санчо бұрын 130 млн еуро тұрса, қазіргі уақытта 117 млн болған. Сондай-ақ, Англия чемпионатындағы ең қымбат ойыншы, манчестер сити командасының өкілі Рахим Стерлинг 160 млн еуродан 128 млн еуроға дейін арзандапты. Франциялық ПСЖ командасының бетке ұстар ойыншысы Килиан Мбаппе 200 млн болса, қазір 180 млн, Ал, бразилиялық Неймардың бұрынғы құны 160 млн еуро болса, бүгінде 128 млн еуро екен.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу