Павлодарда медицина саласына 2 млрд теңге қажет

Павлодарлық дәрігерлер жалақысын ала алмай жүр. Қаржының жетіспеушілігінен ақ халаттылардың ақысы ғана емес, дәрі-дәрмек тапшылығы да байқалған. Аймақтың медицина саласына жалпы құны 2 млрд теңге қажет екен. Өңірге жұмыс сапарымен келген вице-премьер Бердібек Сапарбаев мәселені жыл соңына дейін шешуді тапсырды. Еңбекақы мен ем-дом сапасының сын көтермеуі жалғыз проблема емес. Сонымен қатар, облыста сәбилердің шетінеуі 30 пайызға артқан. Өңірдің 49 мың тұрғыны міндетті медициналық сақтандыруға әлі тіркелмеген.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу