Павлодарлықтар челленджіні қолдады

Еуропада бастау алған #tetrischallenge-ні павлодарлық жедел жәрдем станциясы іліп әкетті. Бұл челленджде полиция, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем секілді құтқару қызметінің мамандары өздерінің қызметтік құрал жабдықтарын бір суретке топтастырып көрсетеді. Идея Швейцарияның Цюрих қаласы полицейлеріне тиесілі. Олардың акциясын осы елдің арнайы қызметі қолдап әкеткен. Қазақстанда алғашқы болып Павлодар облысының жедел жәрдем станциясы челленджге үн қатты. Кереку өңірінде 110 жедел жәрдем көлігінің барлығы да қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген. Оттегі аппаратынан бастап, дефибрилляторлық монитор, электрлі кардиографомма, кардиометр, веновизор, инфузион, күйікке қарсы құрылғы секілді күрделі сырқаттарға қолданатын аппараттар бар. Павлодар облысының жедел жәрдем станциясы жабдықтануы жағынан республикада көш басында.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу