ПИРАМИДАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫ ТІНТУ БАРЫСЫНДА 40 МЛН ТЕҢГЕ ТӘРКІЛЕНДІ

Аты шулы «Гарант 24 ломбард» пен «Истет ломбард» ұйымдарын тінту барысында 40 млн теңге тәркіленді. Бұл турасында Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов мәлімдеді. Қаржы пирамидаларына қозғалған істе сондай-ақ, «Нурали Капитал» мен «Тиімді қарыз» компаниялары да бар. Ақшадан бөлек, 21 пәтер мен 3 жер үйге және 30 автокөлікке бұғат салынды. Қылмыстық іске қатысы бар 12 тұлғаға халықарлық іздеу жарияланған. Күдіктілер салымшылардан ақшаны көбіне қолма-қол түрде алып, оны инкассация арқылы қажетті жеріне жеткізіп отырған. Тергеуші пирамиданы жарнамалаған адамдар да жазадан құтылмайтынын ескерді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу