ПНЕВМОНИЯҒА ШАЛДЫҚҚАН НАУҚАСТАРҒА COVID-19 ҚАРСЫ ЕМ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Енді пневмонияға шалдыққандарға COVID-19-ға қарсы ем жүргізіледі. Денсаулық сақтау министрлігі өз хаттамасына «коронавирус болуы мүмкін» деген түсінік енгізді. Яғни бұл санатқа қауіпті дерт белгілері бар, бірақ тест нәтижесі теріс науқастар жатады. Мұндай өзгеріске пневмониямен ауырғандардың күрт артуы ықпал еткен. Соңғы бір айда науқастар саны 4 есеге ұлғайып, 628 адам көз жұмған. Медицина саласында тағы қандай өзгерістер бар. Толығырақ тілшіміз Айзат Қайырлыбекқызының материалында.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу