Аң деп адам өлтірген. Польшада 16 жастағы қазақстандық студент браконьер қолынан қаза тапты. Аң аулаушы жасөспірмді қабан деп ойлап, оқ атқан. Күдікті деп танылған екі азаматтың бірі отставкадағы полицей, екіншісі шіркеу қызметкері екені анықталды. Қазір тергеу шаралары басталды. Қазақстан билігі бұл істі қатаң бақылауға алғанын хабарлады. Осы жөнінде толығырақ әріптесім Арай Сүгірбай айтып берсін.