ПРЕЗИДЕНТ «АТАМЕКЕН» ҰКП ТӨРАЛҚА ТӨРАҒАСЫ ТИМУР ҚҰЛЫБАЕВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Қолда бар ресурстардың бәрін іскерлік белсенділікті ынталандыруға және өндірісті дамытуға бағыттау қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдау барысында осылай деді. (слайд) Кездесу кезінде кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар жұмысының тиімділігі сөз болды. (ЗКТ) Жүздесуде мемлекет басшысына бизнес секторының ахуалы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының осы саладағы қызметінің қорытындылары туралы ақпарат берілді. Жаппай кәсіпкерлік пен адами капиталды дамытуға негізделген «Үкімет бизнес үшін», «Бастау», «Жас кәсіпкер» жобаларының жүзеге асырылу барысы да айтты. Сонымен қатар импортты алмастыру, мемлекеттік сатып алулардың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу