ПРЕЗИДЕНТ АУРУХАНАДАҒЫ ОРЫН ТАПШЫЛЫҒЫН ШЕШУГЕ УӘДЕ БЕРДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауруханадағы орын тапшылығын шешуге уәде берді. Бұл туралы бүгін онлайн форматта өткен «Біз Біргеміз» форумында мәлімдеді. Мемлекет басшысы ақ халаттылар мәселесіне де тоқталды. Коронавируспен күресте қорғаныш құралдарының жетіспеуі алдағы уақытта шешілетінін жеткізді. Ол үшін Үкіметке арнайы тапсырма жүктеліп, жауапты органдарға шұғыл түрде әрекет жасау міндеттелген. Сондай-ақ, жиын барысында Мемлекет басшысы қауіпті індеттен көз жұмған науқастардың отбасына көңіл айтып, қазақстандықтарды барынша сақтануға шақырды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу