Президент: Азық-түлік бағасын ауыздықтай алмаған басшылар қызметінен кетеді!

Ал әлеуметтік маңызға ие азық-түлік бағасының қымбаттауы күн тәртібіндегі нөмірі бірінші меселе. Өйткені оның көрсеткіші инфляцияны басып озған. Кей тауарлардың құны тіпті екі есеге шарықтаған. Мәселен, астықтың астанасы саналатын Көкшетауда ұнның бағасы максималды көрсеткішке жетіп, 47 пайызға қымбаттапты. Мәселені шешуде тұрақтандыру қоры да қауқарсыз қалып отыр. Мемлекет басшысы бағаны бетімен жіберген үкімет пен жергілікті жердегі шенеуніктердің жұмысын қатаң сынға алды. Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түліктің қымбаттауы тұрғындардың шынайы кірісін арттыру мен тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған барлық жұмысты жоққа шығарып жатқанын айтты. Ал, қымбатшылықты әдеттегідей валюта бағамының өзгеруі және маусымдық қиындықтармен байланыстыратын министрліктің есебі құрғақ дерек деді Президент. Сол себепті премьер министрге бағаны ауыздықтау жайындағы мемлекет басшысының тапсырмасын орындамаған немесе орындауға шамасы жетпеген жауапты тұлғаларды әкімшілік жазаға тартуды тапсырды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу