ПРЕЗИДЕНТ: БАНКТЕР КЛИЕНТ ҮШІН БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗБЕЙДІ

Инфляция деңгейін биыл 8-8,5% шегінен асырмай, ұстап тұруға мүмкіндік бар. Бүгін Президент қаржы секторына жауапты құрылым басшылармен өткен онлайн жиында осылай деді. Мұнда Қасым-Жомарт Тоқаев банктер капиталын қорында босқа сақтамай, экономикаға салуы қажеттігі де ескертіп отыр. Әйтпесе, соңғы уақытта бизнесті несиелендіруде қаржы институттары мүлдем белсенділік танытпай келеді. Бірақ енді ондай банктер қара тізімге алынбақ. Сәйкесінше, қажет кезінде мемлекетте оларға қолдау бермейді. Әрі Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп, қаржы нарығын тұрақтандырудың да жаңа стратегиялық жоспарын құруға міндетте алды. Ерболат Досаевтың есебіне қарағанда, қазір инфляция дәлізі - 7%-ды құрап тұр. Ал былтыр 4-6% болған. Енді пандемиия мен мұнай бағасының құлдырауынан кейін оның жылдық межесін 9-11%-дан асырмау жоспарлануда.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу