ПРЕЗИДЕНТ: БАНКТЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ЖӘРДЕМ БЕРІП, ҚАЙТАРЫМ ЖАСАЙТЫН КҮН ТУДЫ

Банк иелерінің құлағына алтын сырға! Кезінде мемлекет оларға жәрдем берді. Демек, енді жақсылықтың қайтарымын жасайтын күн туды. Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдемесінде осылай деді. Әйтпесе, дәл қазір Қазақстан экономикасы бұрын-соңды болмаған, ауыр ахуалмен бетпе-бет келіп тұр. Әрине, Президент дағдарысты табалдырық аттап бастырғысы жоқ. Сондықтан оны еңсерудің 8 бағыты қаралған бағдарлама әзірленіп отыр. Оның қалтықсыз орындалуы Үкімет мен Ұлттық банкке міндет. Сонымен, тоқырауды тоқтатуға арналған бағлардама жайында тілшіміз Құралай Пионер тарқатып берсін.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу