Президент БҰҰ Бас Ассамблеясында Қазақстандағы саяси жүйе туралы айтып берді

Мықты стратегиялық ойлай білетін Президент, ықпалды Парламент және есеп беретін Үкімет. Қазақстанның саяси жүйесіндегі Тоқаевтың формуласы осындай. Қазақ Президенті бұл тұжырымның ел қажеттіліктеріне сай келетіне және оның бейбіт әрі тұрақты болашағын қамтамасыз ететіне нық сенімді. Ол тереңнен саяси қайта түрлену болмаса, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамудың табысты үлгісі бола алмайтынын атап өтті. Сөздің емес, істің адамымен Президент: реформа бағдарламаларына ат үсті қарамай, мықтап қалға алатынын нықтады. Сонымен қатар Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 74-ші сессиясында сөйлеген сөзінде ғаламдық 4 үрдіске алаңдаушылық білдірді. «Жаһандық және аймақтық субъектілер арасында сенімнің жоқтығы геосаяси жағдайды ушықтырып отыр»,- деді. Әлеуметтік-экономикалық әрі технологиялық теңсіздіктер келеңсіздік туғызуда. Сондай-ақ қоршаған ортаның құлдырауы – жаһандық деңгейде тұрақсыздандыратын факторлардың біріне айналғанын айтты.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу