ПРЕЗИДЕНТ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА СӘЙКЕСТЕНДІРУ ҚАЖЕТ

Экологиялық заңнаманы алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарға сәйкестендіру қажет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы өзгерістерге қатысты осындай пікір білдірді. Мемлекет басшысы бұл жайлы «Ecojer» өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығы кеңесінің төрайымын қабылдауы кезінде айтты. Кездесуде Ләззат Рамазанова Президентке өнеркәсіп орындарының ауа сапасын ластауын төмендетуге бағытталған технологияларды әзірлеу және енгізу жайында баяндады. Екеуара әңгіме барысында жаңа Экологиялық кодекс жобасының негізгі ережелері де талқыланды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу