Президент мемлекеттік наградаларды табыстады

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында түрлі салада ел дамуына өзіндік үзесін қосып келген бірқатар азамат Ақордаға шақырылтылып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан мемлекеттік награда алды. Биыл жоғары марапатқа ие болғандар арасында министрлер мен әкімдер жоқ. Есесіне дәрігер, маханик, металлург және қойшы сынды қарапайым еңбеккерлер көп. Ал кеше ғана Нью-Йорк төрінде қазақ музыкасын әуелеткен жас әнші Димаш Құдайбергенге «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді. Ақордада оралған тілшіміз Құралай Пионер толықтырсын.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу