Президент Тоқаев ресми сапармен Германияға барды

Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Германияға барды. Қазақстан Президентін канцлер Ангела Меркель әлемдегі ең көрікті әрі ірі үкімет штабтарының бірі Федералдық канцлер ведомствосында қарсы алды. Салтанатты рәсімнен кейін, мемлекет басшылары келіссөздер өткізу үшін ғимаратқа бет алды. Кездесуде екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму перспективаларын талқыланады. Сондай-ақ Қазақстан Германиямен құны 2 млрд доллар болатын келісімге қол қояды. Бұл жайында Қасым-Жомарт Тоқаев неміс телеарнасына берген сұхбатында айтқан еді. Президенттің сөзінше, машина жасау және ресурстарды өңдеу жағынан көшбасшы саналатын неміс инвесторларын елге тарту көзделген. Оларға экономикалық аймақ ұсынып, барлық жағдай қарастырылады деді. Ертең Президент Германиядағы белгілі саясаткерлер және қоғам қайраткерлерімен кездеседі. Сондай-ақ, Берлин Еуразиялық клубының 28-ші отырысына қатысады. Айта кетейік, Мемлекет басшысының лауазымына кіріскелі шет елге жасаған бұл бесінші сапары болып саналады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу