Президенттің 9 айдағы жұмысы қорытындыланды

Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті болып сайланғалы бері 45 заң, 266 жарлық, 68 өкім және 49 хаттамаға қол қойды. Мемлекет басшысының 9 айлық жұмысын қорытындылап БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Берік Уәли осылай деп хабарлады. Президент баспасөз хатшысының айтуынша осы аралықта Қасым-Жомарт Тоқаев 463 іш-шараға қатысып, еліміздің аймақтарын 25 рет жұмыс сапарымен аралаған. 249 қабылдау өткізіп, 31 елдің басшыларымен телефон арқылы сөйлесіпті. Сондай-ақ Президенттің атына Қазақстан азаматтарынан 15 669 өтініш келіп түскен. Оның 4025-сі вертуалды түрде қабылданыпты.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу