Проблемалық кредиттер қоры 200-ден астам нысанды сатылымға шығармақ

Проблемалық кредиттер қоры 222 нысанды сатылымға шығарады. Сауда қыркүйектің 24-і мен 26-ы аралығында өтетін. Сатылатын лоттардың ішінде 125- жер учаскесі, 62 коммерциялық жылжымайтын мүлік және 35 тұрғын үй кешені бар. Саудаға заңды тұлғалармен қатар, тұрғындар да қатыса алады. Ал сатылымға қойылған мүліктер еліміздің түкпір түпірінде орналасқан. Ең көп саудаға қатысатын аймақ Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары. Қатысу үшін мемлекеттік мүлік вэб порталына тіркеліп, өтініш қалдыру шарт. Сондай ақ кепілдік жарнасын төлеу керек. Толық ақпаратты қордың ресми сайтынан біле аласыздар.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу