ПРОКУРАТУРА «ҚАРА КАССА» ОЙЫНЫН АЛАЯҚТЫҚ ӘРЕКЕТ ДЕП БАҒАЛАДЫ

Еліміздің бас прокуратурасы «котел» немесе «черная касса» ойынын алаяқтық әрекет деп бағалады. Бұл туралы ақпарат Бас прокуратураның ресми сайтында хабарланды. Ондағы мәлімет бойынша соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен месенджерлерде «қаржы пирамидасы» ойынына шақырту тарап жатыр. Осы ойынды ұйымдастырушылардың іс-әрекетінде қаржылық пирамиданың белгілері - табыс алудың алаяқтық схемасы көрінеді»,-делінген хабарламада. Бас прокуратураның мәліметтеріне қарағанда, біріншіден, жоғары табыстылық, жылдам байыту, жылдам пайда алу уәделері нарық заңдарына сай емес. Екіншіден, ұйымдастырушыларда арнайы лицензиялар жоқ, ал қаржы нарықтарындағы қызмет міндетті мемлекеттік лицензиялауға жатады. Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы заңсыз табыс табу бойынша қызмет жасаушылар мен олардың басшыларына қатысты Қылмыстық Кодекстің 217-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылатынын еске салады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу