ПРОКУРОР: «BEK AIR» БИЛЕТ ҚҰНЫН ТОЛЫҚ ӨТЕУ КЕРЕК

Бек Эйр жолаушыларға ақшаны толық қайтаруы тиіс! Әуе компаниясына қатысты өткен процессте прокуратура судьядан жәбірленушілердің талабын толық қанағаттандыруды сұрады. Бүгін тараптар жарысөз өткізіп ақырғы сөздерін айтты. Қазіргі таңда барлығы 1636 жолаушы 52 миллион теңгелерін қайтарып алуды көздейді. Жәбірленушілердің ресми өкілі ретінде тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті қатысты. Айта кетсек, әуе компанияның барлық мүлігі бұғатталған. Аталған азаматтық ісуе қатысты соттың нақты шешімі 17 маусым, яғни ертең шығады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу