Р.ДӘЛЕНОВ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ «EXPO-2020» КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСУ ТИІМДІЛІГІН САУДА МИНИСТРЛІГІ ДӘЛЕЛДЕУІ ҚАЖЕТ

Дубайда өтетін EXPO-2020 көрмесіне қатысуға бөлінетін қаржы қайта есептелуі мүмкін. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 9 млрд теңгенің тиімділігін арнайы комиссияның шешетінін айтады. Ең бастысы онда Сауда және интеграция министрлігі шығындалатын қаржының тиімділігін дәлелдеуі қажет. Қазақстан 9 млрд теңгеге ЭКСПО павильонынан Қазақстан 3 мың 420 шаршы метр жер алмақ. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов оның бір тиынына дейін шығын болмасына уәде еткені есте. Тіпті керісінше 6 айға жалғасатын шарада Үкімет тікелей инвестиция ағынын еселеп қайтуды жоспарлаған. Әрі қолданылған материалдарды да тастамай, елге жеткізіп, кәдеге жаратпақ. Халықаралық көрме 2020 жылдың 20-шы қазанына 2021 жылдың 10-сәуірі аралығында өтеді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу