Ресей басылымдары Тоқаев туралы: Путин жаңа дос тапты

Владимир Путиннің енді жаңа қазақ досы бар. Омбыда өткен екі елдің өңіраралық ынтымақтастық форумынан кейін Ресей басылымдары дәл осылай деп, жарыса жазып жатыр. Оған себеп жиыннан кейін №1 бортқа Қасым-Жомарт Тоқаевты Владимир Путиннің өзі шығарып салуы болса керек. Дегенмен, мұндай дәрежедегі кездесу үшін бұл протоколға сай құрмет. Оның үстіне, Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ басшысы ретінде Владимир Путинмен осы дәстүрлі форумда жеке кездесуі алғаш рет. 2 күнге жалғасқан үлкен жиынды Омбыда жүрген тілшіміз Құралай Пионер қорытындылайды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу