РЕСЕЙ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ 75 МЫҢ РУБЛЬДЕН БЕРЕДІ

Ресейдің Қорғаныс министрлігі Қазақстандағы Ұлы отан соғысы ардагерлерінің әр қайсысына 75 мың рулбль немесе 433 мың 142 теңгеден бермек. Бұл жайында Парламент Мәжілісінің депутаты әрі Генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев мәлімдеді. Айтуынша, күні кеше оған Мәскеуден Ауған соғысына бірге қатысқан майдангер досы хат жолдаған. Ресейдің шенді генералы тек Қазақстан емес, сонымен қатар Кеңес одағының әскері сапында соғысқан барлық ардагерлерге 75 мың рубльден аудармақ екен. Еске сала кетейін, биыл Ұлы отан соғысының аяқиалғанына 75 жыл болады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу