РЕСМИ ЕСКЕРТУ КЕЛГЕН ЖОҚ: АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ НҰРЛАН ТАУБАЕВТЫҢ ҚАМАЛҒАНЫНА ҚАТЫСТЫ

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күрес агенттігінен ресми ескерту келген жоқ. Атырау облысының әкімдігі әкімнің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың қамауға алынғанына қатысты ақпаратқа осындай мәлімдеме жасады. Баспасөз хатшысы Ержан Төлектің айтуынша, Таубаев іссапармен Түркістан облысына кетуі тиіс болыпты. Бірақ оны 10-қыркүйекте кешкісін үйіне келген Ұлттық бюро қызметкерлері ұстап әкеткен. Жергілікті «Жайық» басылысының хабарлауынша, Нұрлан Таубаевпен бірге облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаров та тұтқындалған. Таралған ақпаратқа сүйенсек, олар 182 млн теңге пара алды деген күдікке ілігіп отыр. Ал, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі әзірге ешқандай ақпарат бермей отыр. Алайда, ұсталғанын жоққа да шығармады. Айта кетсек, былтыр енгізілген заң бойынша енді орынбасарының қылмысы дәлелденсе, онда облыс әкімі Махамбет Досмухамбетов өз еркімен отставкаға кетуі тиіс. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу