САЛЫҚ ОРГАНЫ МЕН КӘСІПКЕРЛЕР ДАУЫН СОТҚА ЖЕТКІЗБЕЙ ҚАРАУ ШАРАСЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Салық органы мен кәсіпкерлер арасындағы дауларды сотқа жеткізбей қарау жөніндегі шаралар күшейтіледі. Бұл туралы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов айтты. Оның сөзінше, соңғы бір жылда осы мәселеге қатысты талап арыздар саны 5 есеге өскен. Көбіне кәсібін адал дөңгелетіп отырғандар қосымша салық есептеледі деп шағымданады. Бірақ сот көбіне құзырлы органның пайдасына шешіп береді. Енді бұл мәселені арнайы құрылатын комиссия қарастыру жөнінде ұсыныс енгізіліп отыр. Тек солардың мақұлдауынан кейін ғана, мемлекеттік кірістер комитеті шешім шығара алады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу