Салықтық жеңілдіктер бюджетке 200млрд тг шығын келтіруі мүмкін

Шағын бизнес үшін жасалатын салықтық жеңілдіктер келер жылы бюджетке 200 млрд теңге шығын келтірілуі мүмкін. Бірақ бұған Қаржы министрі Әлихан Смайылов алаңдап тұрған жоқ. Себебі оның орнын кедендік салық есебінен толтырылмақ. Қазір мұндағы жұмыстардың барлығы да автоматтандырылған. Сондай-ақ «Астана-1» ақпараттық жүйесі іске қосылған. Ал бұл баж салықтарының түсімін арттыруы тиіс. Бірақ әзірге кедендік бақылау қызметінен түсетін салықтың мөлшері анық емес. Үкімет 2020 жылы бюджет шығыстарын 12,7 трлн теңге, ал түсімді 11,2 трлн теңге болады деп жоспарлауда. Дефицит 1,5 трлн теңге. Ал биылғы 8 айдағы дефицит 503 млрд теңгені құрап тұр.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу