СЕМЕЙ МАҢЫН СУ БАСУЫ МҮМКІН

Семей маңын су басуы мүмкін. Қазір апаттың алдын алу үшін жедел штаб құрылды. Төтенше жағдайлар комитетінің дерегінше Ертіс өзенінің су деңейі көтеріліп келеді. Ал Ертіс өзенінің бетінде мұздың тұтасып қату процесі байқалуда. Ал ауа райының жылы болуына байланысты Ертісте сең тұрып, өзендегі су деңгейі көтеріліп келеді. Егер су арнасы мұнан ары көтеріле беретін болса Восточный, Мирный және Полковничий аралындағы тұрғын үйлерді су басу қаупі бар. Осыған байланысты «Қазселденқорғау» мекемесінің өкілдері өзен жағалауына тұрақты мониторинг жүргіп, тәулік бойы бақылау бекеттерін орнатқан. Ал Семей қалалық полция басқармасының жеке құрамы аудандарды шолып, тұрғындарға ескерту жасауда.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу