СЕНАТ БЕЙБІТ ЖИЫНДАР ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ МӘЖІЛІСКЕ ҚАЙТАРДЫ

Сенат Бейбіт жиындар мен оны ұйымдастыру туралы заңды мақұлдамай, Мәжіліске кері қайтарып жіберді. Депутаттардың айтуынша құжатта біраз шикілік байқалған. Еске салсам, әзірлеуді Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі міндеттеген құжат қоғамда қызу талқыланған. Парламенттің төменгі палатасында екі оқылымда да бір ауыздан тұтастай мақұлданған заң осылайша сенаторлардан қолдау таппады. Сенаторлардың көзіне көрінген кілтипан қандай? Оны тілшіміз Жалғас Зейнолла айтып беруге дайын.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу