ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА 1 ТРЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ

Пандемияға қарсы іс-шара кезінде ең көп зардап шеккен кәсіпкерлерге мемлекет қолдау көрсетеді. Ол үшін бюджеттен 1 трл теңге бөлінеді. Ұттық экономика министрлігі Президент тапсырмасына сәйкес осындай науқанға кірісіп кеткенін мәлімдеді. Министрлікке қарасты Кәсіпкерлікті дамыту департаменті директоры Шыңғыс Ахметовтың айтуынша, қаржылай қолдау 2 бағдарламамен жүргізілмек. Бірнішісі - «Қарапайым заттар экономикасы». Оған 400 млрд теңге жұмсалады. Екіншісі – «қаржыны айналдыруға мерзім беру» бағдарламасы. Мұнда кепілдендірілген несиемен 600 млн теңге үлестірілмек. Кредит кәсіпкерлерге 6%-бен, 1 млрд теңгеге дейін беріледі. Статистика бойынша Қазақстанда 1 млн 200 мыңға жуық шағын бизнес субъектісі бар. Төтенше жағдай салдарынан 80%-ының қызметі тоқтап тұр.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу