ШАМАЛҒАНДАҒЫ ӨТПЕЖОЛ ЕРЕКШЕ БАҚЫЛАУ РЕЖИМІ БОЙЫНША САЛЫНБАҚ

Өткен айда пойыз бен автобус соқтығысып, бір адам көз жұмғаннан кейін Шамалғандағы жол құрылысы ерекше қадағалаумен салынбақ. Нақтыласақ, «Орталық – Оңтүстік» дәлізіндегі «Астана – Қарағанды – Балқаш – Күрті – Қапшағай» күре жолының шойын жолмен түйісетін нүктесін «Қатаң бақылаудағы құрылыс» режиміміне енгізу көзделген. Өтпежолдың жұмыстары алдағы жылдың сәуір айында, ал жалпы құрылыс келер жылдың соңында аяқталмақ. Еске салсам, қыркүйектің 15-де аталған аймақта пойыз бен жолаушылар көлігі соғылып, автобус жүргізушісі қаза болған. Артынша аталған жерде ұзынсонар кептелістің жиі болып, жүргізушілер бағдаршамға бағынбай өте беретіні айтылған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу