ШАРУАЛАРҒА БЮДЖЕТТЕН 6 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ҚАРЖЫ БӨЛІНЕДІ

Шаруаларға бюджеттен 5 млрд 600 млн теңге берілмек. Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаровтың айтуынша қазына қаржысы 1 млн 600 мың литр пестицидтерді сатып алуға жұмсалмақ. Аталған сома - қосымша қаржы, себебі бұған дейін 2020-шы жылға жергілікті бюджеттен 31 млрд 400 млн теңге кеткен. Еске сала кетсем, биылдан бастап субсидиялаудың жаңа түрлері енгізілген. Аталған шаралар соның аясында іске асады, - дейді министрдің орынбасары.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу