ШЕКАРАДАҒЫ ДАУ: РЕСМИ БІШКЕК ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОНСТРУКТИВТІ ҰСЫНЫСТАРЫНА «ҚҰЛАҚ АСПАЙ» ОТЫР

Ресми Бішкек Нұр-Сұлтанның конструктивті ұсыныстарына «құлақ аспай» отыр. Сауда және интеграция министрлігі қазақ-қырғыз шекарасындағы ушыққан жағдайға қатысты осындай түсініктеме берді. Ресми мәлімдемеге қарағанда, Қазақстан көрші елге заманауи технологияларды қолданып салықтық тексеруді күшейтіп жатқанын ескертіп бірнеше мәрте алдын ала хабарлама беріпті. Тіпті шекарадағы кикілжіңге қатысты мәселе Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа отырысында қос тараптың қатысуымен 2 мәрте қаралыпты. Бірақ Қырғызстан ұсыныстармен келісер емес. Оның үстіне, пандемия жағдайына орай бекеттерде қауіпсіздік шарасы қатайтылған. Ұзын сонар кезектің түзілуіне де осы себеп делінген құжатта.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу