Шекаралас елдер қауіпсіздікті күшейтуде. Қазақстан ше?

Сенат депутаттары экстрадициялау заңын талқылап жатқанда, көршілеріміз Қырғызстан мен Өзбекстан шекарадағы қауіпсіздікті күшейтіп жатыр. Оған кеше Тәжікстанға лаңкестердің жасаған шабуылы себеп болды. Шекара заставасына тұтқиылдан төтеп берген топтың ДАИШ террористері екені анықталды. Олар «арнайы тапсырмамен» ауған-тәжік аумағын 3-ші қараша күні кесіп өткен. Бұл Тәжікстанға жасалған ең ірі лаңкестік шабуыл. Жедел әрекеті кезінде 20 қылмыскердің 15-інің көзі жойылып, 5-еуі қамауға алынған. Лаңкестердің әйелдер екені анықталды. Қақтығыс барысында шекарадағы 1 әскери мен Ішкі істер министрлігінің қызметкері қаза тапты. Бұл -алаңдайтын жағдай. Себебі, Тәжікстан ат шаптырым жер. Қазақстаннан айтарлықтай алыс емес. Оны мына картадан-ақ көруге болады. Тәжікстанға жасалған шабуыл ертең-ақ Өзбекстанға, Қырғызстанға, одан кейін бізге де жетуі мүмкін. Сақтасын дейік, әрине.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу