ШЕНЕУНІКТЕР ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ 20 ҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ СҮРІЛУІН ТАЛАП ЕТУДЕ

Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс қадағалау басқармасы Волочаевская көшесіндегі 20 қабатты жаңа нысанның сүрілуін талап етуде. Мамандардың сөзіңше, құрылыс заң бұзушылықтармен жүргізілген. Оларды мемлекеттік инспекторлар тексеру барысында анықтаған. Құрылыс жұмыстары басталған кезде нысанның жобалық-сметалық құжаттары болмағандығы да белгілі болды. Ал шенеуніктер бұл ғимарат мемлекет меншігінде тұрғандығын айтады.Тіпті, тұрғындар да нысанның салынуына үзілді-кесілді қарсы. Олардың айтуынша, құрылыс салдарынан үйлеріндегі қабырғалары жарыла бастаған. Оған қоса, көпқабатты тұрғын үйдің кесірінен күн сәулесін көрмейміз деп наразы. Бұл істің ақ қарасын сот қоюуы тиіс болатын. Алайда, ауданаралық экономикалық соттың төрағасы іс жүргізуді тоқтату туралы шешім шығарды. Наразылықтың соңы немен аяқталары әзірге белгісіз. Шенеуніктер бұл мәселені әкімшілік сотта шешуге ниетті.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу