Шенеуніктің қатесінен кәсіпкерге 80 млн теңге шығын келді

Қостанай билігі құны 80 млн теңгені құрайтын ғимараттың шығынын өтеуден бас тартып отыр. Саябақтың кіре берісін жөндеген компания өз еңбегінің ақысын әлі алмапты. Биыл сәуірде аталған компания саябақтағы арканы безендіру жойынша мемлекеттік тапсырыс алып, келісімшартқа қол қойған. Мердігердің жұмысшылары бірден іске кірісіп кеткен. Алайда 20 млн теңге жұмсалған соң, қала билігі келісімшартты бұзбақ болыпты. Себебі тапсырыс беруші, яғни тұрғынүй комуналдық шаруашығы құжатта қате жіберген. Яғни, «қызмет» деген сөз жұмыс деп жазылыпты. Сондықтан, тапсырыс беруші келісімшартты бұзып, қайтадан байқау жарияламақ болған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу