ШЕТЕЛДЕ ОҚИТЫН СТУДЕНТТЕРГЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА АУЫСУҒА МҮМКІНДІК БЕРІЛЕДІ

Шетелде оқитын студенттер отандық жоғарғы оқу орындарына ауыса алады. Білім және ғылым министрлігі көмектесуге дайын екендерін жеткізді. Алайда, бұл өз күшімен оқуға түсіп, шекара асқандарға ғана қатысты. Пандемия салдарынан шет мемлекеттер түгелдей қашықтан білім беруге көшкен. Дегенмен кей оқу орындарында мұндай мүмкіндік жоқ болып шықты. Дәл осы қиындыққа тап болған жастар енді өз білімін Қазақстанда жалғастыра алады. Ол үшін жергілікті университеттің виртуалды комиссиясына жүгіну қажет. Барлық өтініш онлайн режимде рәсімделеді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу