Шетелден жұмысшы тартуға берілетін квота қысқартылады

Елімізге шетелден жұмыс күшін тартуға берілетін квота қысқарады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша 2020-шы жылдан бастап ол 49 мыңнан 19 мыңға азайтылмақ. Сондай-ақ, өзге елдің азаматтарын еңбекке жұмылдырып отырғандарға бақылау күшеймек. Мемлекет басшысының сөзіне сенсек 250-ден астам жұмысшысы бар және шетелден 30-дан артық еңбек етушіні тартқан әр кәсіпорын жыл сайын тексерілетін болады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу