Шетелдік топ-менеджерлер қазақстандық шенеуніктерге пара бергендерін мойындады

Монакода тіркелген консалтингтік компанияның бұрынғы басшысы қазақстандық шенеуніктерге пара бергенін мойындады. Сириус Ахсани және Саман Ахсани есімді топ менеджерлер бірқатар елдерде лауазымды адамдарға миллиондаған доллар пара беруге бағытталған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысқан. Бұл мәліметті РИА Новости агенттігі АҚШ Әділет министрлігіне сілтеме жасап хабарлады. Көбінесе бұл Африка елдері. Тізімде Қазақстан мен Әзірбайжан көрсетілген. Топ-менеджердің екеуі де-Ұлыбритания азаматтары. Олар басшылық еткен компания 1999-2016 жылдар аралығында энергетикалық сектор саласында кеңес беру қызметтерін көрсеткен.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу