Шетелге еңбек етуге барғандар алаяқтарға алданып, 1 млн теңгеден қағылды

Назар аударыңыз! Жұмысшылар қажет! Жалақысы 600 мың теңгеден басталады. Интернетті ашып қалсаңыз осы іспетті жарнамадан көз сүрінеді. Мысалы, мына сайтқа қараңыз. Кореяда жұмыс ұсынамыз, еңбекақы 600 мың теңгеден 1 млн-ға дейін» – деп жазылған. Мұндай ақшаны түсінде де көрмеген қарапайым халық не істейді? Әрине, сілтеме бойынша өтеді. Ондағы жарнама тіпті де елітеді, «Егер Сіз жоғары жалақы алып әрі шетелді көргіңіз келсе, өзге елдің мәдениетімен танысамын десеңіз бізге келіңіз» - делінген. Осы сияқты жарнамалардың әсері болса керек, бүгінде шет мемлекеттерге жұмыс іздеп кеткендер саны 30 мыңнан асқан. Өткен жылы 40 мың адам Ресей, Германия, Польша, АҚШ, Канада, тіпті Израильге кеткен. Биыл біздің елден өзге мемлекеттерге еңбек етуге баратындардың саны, жыл соңына дейін, 90 мыңға жетуі мүмкін. Regnum ақпараттық агенттігі осындай болжам жасаған. Ең сорақысы - Ресейге заңсыз жұмыс істеуге баратын қазақтар сол жақтағы келімсек тәжіктер мен қырғыздарды басып озуы мүмкін. Сұранысқа ие мемлекеттердің тағы бірі – Оңтүстік Корей елі. Визасыз режим енгізілгелі ол жаққа кететіндер саны тіпті артқан. Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің дерегінше, ол жақта 11 мыңға жуық қазақстандық еңбек мигранттары жүр. Бұл тек қана бір елде жүргендердің саны. Ал әлем бойынша қанша Қазақстан азаматы заңсыз еңбек етіп жүр ?

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу