ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛЕР МЕН ИНВЕСТОРЛАР ҮШІН БІРЫҢҒАЙ ХАБ ҚҰРЫЛДЫ

Шымкентте дағдарыс кезінде кәсіпкерлерге қолдау көрсететін «Бизнеске арналған Үкімет- Shymkent INVEST» кеңсесі жаңа форматта қайта ашылды. Бұл жоба тұрғындарға бір көзден орталықтандырылған мемлекеттік және сервистік қызметтерді жедел алуға көмектеседі. Сондай ақ, нишалық жобаларды сүйемелдеу мен жеңілдетілген 1% несие беру, «1000 сауда орны» бағдарламасы бойынша жер учаскелерін алу және қаржы секторы бойынша қызметтер қарастырылған. Бұдан бөлек, тұрғындар тауарды жылжыту мен инвестиция, цифрлық, құқықтық, компетенция және мемлекеттік қызмет бойынша кеңес ала алады. Осылайша, кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін бірыңғай хаб құрылмақ. Сонымен қатар, мұнда бастауыш кәсіпкерлерге «Бизнес-мектеп», «Бастау-бизнес» оқыту бағдарламалары бойынша кәсіпкерліктің негізі оқытылады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу