ШЫМКЕНТТЕГІ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ БІРІНЕН ЖАНАР-ЖАҒАР МАЙДЫ ҚОЛДАН ЖАСАЙТЫН ЖАСЫРЫН ЦЕХ АНЫҚТАЛДЫ

Шымкенттегі тұрғын үйлердің бірінен жанар-жағар майды қолдан жасайтын жасырын цех анықталды. Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жекеменшік үйді тексеру кезінде мұнай өнімдерін араластыратын құрал-жабдықтарды тапқан. Белгілі болғандай, үш тұрғын бірігіп осы цехтың жұмысын жүргізіп келіпті. Олар қаңтар айынан бері жағар майды арзан пеш майымен араластырып, үлкен көлемде сапасыз дизель отынын шығарып отырған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу