ӘСКЕРИ БӨЛІМШЕДЕН ҚАРУ-ЖАРАҚ ҰРЛАҒАН САРБАЗҒА ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ

Түркістан облысында әскери бөлімнен қару–жарақ ұрлаған сарбазға үкім шықты.  Шымкент қалалық әскери соты  Абылай Балғынбайды кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды.  Ал оның сыбайластары 3 жылдан 8 жылға дейін темір тордың ар жағында болады.  Тергеу мәліметі бойынша, әскери борышын өтеп жүрген Абылай Балғынбай, кезекшілік кезінде қару жарақ қоймасынан біртіндеп 29 калашников автоматы мен  16 макаров тапаншасын және жүздеген оқ-дәріні жасырын шығарып, сыбайластары арқылы сатып отырған. Белгілі болғандай 1 пистолетті 120 мың теңгеге өткізген.  Сондай-ақ, ұрының 7 сыбайласы болғаны анықталды.  Кейін ұрлығы әшкере болғаннан кейін, экс-сарбаз қызмет орнын тастап, әскери бөлімнен қашып кеткен. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу