СҚО бұрынғы әкімінің бауыры 500 млн теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды

Петропавлда «Бескөл құс фабрикасы» компаниясының директоры Ерік Біләлов 500 млн теңгеге жуық ақшаны ұрлады деген күдікпен ұсталды. Облыстық экономикалық тергеу департаментінің мәліметтеріне қарағанда, фирманың басшысы бастаған топ алаяқтық жолмен бірнеше жыл бойы мемлекеттік субсидияларды жымқырған. Департамент қызметкерлері басты күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамағанымен, кейін босатып жіберіпті. Айта кету керек, сезікті Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімінің туған інісі болып келеді. Сондай-ақ экс-сенатор Серік Біляловтың, Ақмола облысының полиция департаментінің бұрынғы басшысы Берік Біляловтың бауыры екен.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу