СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА КАРАНТИН КҮШЕЙТІЛЕДІСҚО

Еліміздің тағы бір өңірінде карантин күшейтіледі. Ертеңнен бастап Солтүстік Қазақстан облысында шектеулер қатаңдатылып, бірқатар нысандардың жұмыс кестесі өзгереді. Қазір өңір COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар қатарында бірінші орында тұр. Оқу жылының басынан бері 30 мектеп оқушысы коронавирус жұқтырған. Ал, соңғы 2 аптада Петропавлда коронавируспен 40 адам тіркелсе, соңғы тәулікте 14 адамнан аты жаман ауру анықталған. Өңірлік бас санитар дәрігердің жаңа қаулысында енді мереке және демалыс күндері қоғамдық көлік қатынамайды және бірнеше нысан жабық болады.  Атап айтқанда, жабық киім-кешек базарлары, азық-түлік емес жабық базарлар, спорт нысандары, фитнес залдар, бассейндер мен білім беру орталықтары жұмыс істемейді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу