Солтүстік өңірден азаматтар үдере көшуде

Солтүстік өңірден азаматтар үдере көшуде. Себебі, ол жақта жағдай нашар, табыс мардымсыз. Статистика комитетінің мәліметінше, биылғы жылдың екінші тоқсанында орташа жалақы 130 мың теңге болған. Ал мұғалімдер, дәрігерлер мен ауыл шаруашылығы мамандарының табысы 100-120 мың теңге аралығында ғана. Ең жоғарғы еңбекақыны қаржы мен сақтандыру саласының қызметкерлері алып отыр. Осының салдарынан өңір фермер, мұғалім, дәрігер, сатушы, тәрбиеші сияқты мамандарға зәру. Ал жұмыссыз отырғандар 14 мыңнан асып жығылады. Осылайша табыс таппай отырғандар үлесі 5 пайызға жуық. Дәл осындай жағдайды Түркістан мен Жамбыл облысы да кешіп отыр. Ол өңірлерде кедейлік деңгейі Солтүстіктен 6 пайызға жоғары.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу