СОҢҒЫ БІР АПТАДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫҢ САНЫ 15 ПАЙЫЗҒА АРТҚАН

Індеттен қауіп күшейді. Елімізде бір аптада covid-19-ды жұқтырғандардың саны 15 пайызға артты. Мәселен елордада дүкен сатушыларынан күн сайын коронавирус анықталуда. Өйткені қарапайым сақтық шаралары орындалмайды. Ал инфекция жайлаған «Теңіз» кеніші мүлдем жабылуы мүмкін. Өйткені онда дертке шалдыққандардың саны мыңға жуықтап қалды. Егер талап орындалмаса тіпті еліміз бойынша қатаң карантин қайта енгізілмек. Бас санитарлық дәрігердің азаматтарға айтқан кеңесін әріптесіміз Гүлжайна Өмірбек те тыңдап келді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу